5-нұсқа
5-нұсқа
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Сен және сенің құқығың Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ, заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы, Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан, ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:
Көптеген адамдар санасында құқықұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүниежүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенциясының 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығыңа, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті.» (174 сөз) bilimainasy.kz |
Ә мәтіні:
Адам құқығын қорғаудағы ұлттық жүйе Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жариялау-азаматтық қоғамға жол салу қоғамының және мемлекеттiң маңызды мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Адам құқықтарының Қазақстанда iске асырылуына ҚР Президентiнiң қарамағындағы адам құқықтарының комиссиясы көмектеседi. Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға арналған үкiметтiк емес ұйымдар да бар. Соның iшiнде қазақстандық адам құқықтары жөнiндегi халықаралық бюро, Адам құқықтары жөнiндегi Алматы-Хельсинки Комитетi, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, “Әйелдер мен құқықтар”, кәсiподақтар конференциясы бар. Халықаралық құқықта адам құқықтары-бұл халықаралық бұқаралық құқықтың өз бетiнше саласы болып табылады. Халықаралық құқық-ұлттық құқықтың адам құқықтары аспектiлерiндегi нормалардың қалыптасуына әсер етедi. Қазақстан оны конституциялық және күнделiктi заңдармен көрсете бiлдi. Қазiргi кезеңге сай Қазақстан өзiнiң азаматтарын құқықтармен қамтамасыз етiп қана қоймай, халықаралық қауымдастық алдында адам құқытарын сақтауға мiндет алды. Адам құқығын қорғаудағы аумақтық жүйеге Еуропа аумағындағы ұйымдарын айтуға болады. Жалпы қаупсiздiктi қамтамасыз ету туралы Еуропа аумағы бойынша ЕҚЫҰ және адам құқығын қорғаудағы Страсбургтегi сот органын айтуға болады. Еуропа конвенциясында мынадай құқық мәселесi бекiтiлген: -өмiр сүру құқығы; -бостандық пен жеке қаупсiздiкке деген құқығы; -соттық қараудың дұрыстығын талап ету құқығы; -жеке және жанұялық өмiрдi құрметтеу құқығы; -жеке тұлғаның тұрғын үйiне және жеке ақпарат пен жазба хабарларына қолсұғушылыққа жол бермеу құқығы; -еркiн ойлау,толғану құқығы; т.б. (195 сөз) http://dot.kostacademy.kz/bible/files/563720703 (ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет. [20] |