«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістері» » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістері»
16
май
2025

«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістері»

«Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен әдістері» тақырыбында 23.01.2025 ж. күні педагог-модератор және педагог-сарапшы санатына өтініш беріп отырған педагогтермен семинар өткізілді. Семинарда санаты педагог-шебер, бастауыш сынып мұғалімі Лопатина Наталья Владимировна авторлық оқу бағдарламаларын дайындауға арналған әдістемелік нұсқаулығындағы оқу курсының бағдарламасының құрылымдық элементтерімен   таныстырды.
Авторлық бағдарламаны құрастыруда мұғалімдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – оқу бағдарламаларын дайындау және оқу әрекетін жоспарлау, педагогтер әртүрлі жағдайлар мен фактілерге талдау жасаумен қатар өздерінің шеберлігінің жеткілікті деңгейде екендігін көрсететіндей педагогикалық іс-әрекеттің дамуын жоспарлауы керектігін  атап өтті. Мұғалімдерге авторлық бағдарламаларды дайындау алгоритмінің әр  кезеңдеріне жеке-жеке тоқталып, бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуалдық сипаты жататынын түсіндіріп берді.