аттестацияға құжатты жинау тәртібі
МЕКТЕП ПЕДАГОГТАРЫ
Құжат қабылдау білім беру ұйымында жүргізіледі (қабылдау, бас тарту туралы қол хат берілу керек.2,3 қосымша)
Педагог - модератордың аудандық білім бөлімінің, педагог-сарапшы, педагог-зерттеушінің портфолиосын білім басқармасының кеңсесіне мектептің жауапты басшы орынбасары тапсырады.
Портфолиоға салынатын құжаттар тізімі
1) өтініш (6-қосымша кезекті аттестаттауға, 15 -қосымша мерзімінен бұрын алуға); өтініш шапкасына педагог-модераторға аудандық білім бөлімінің аттестаттау комиссиясының төрағасына, педагог-зерттеуші, педагог- сарапшыға облыстық білім басқармасының аттестаттау комиссиясының төрағасына деп жазылады.
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат;
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат;
6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);
7) оқушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар (№514 бұйрыққа сәйкес және мемлекеттік мекемелер өткізген конкурстар);
8) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар (№514 бұйрыққа сәйкес және мемлекеттік мекемелер өткізген конкурстар);
9) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау(Конференция, семинарларда доклад, сабақ көрсетуі);
10) сабақтарды талдау (9-қосымша), әріптестердің, басшының орынбасарларының, басшының, әдіскерлердің, ата-ананың пікірлері
11) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі хаттамасынан үзінді (31-қосымша)
12) бағалау өлшемшарттарынан туындайтын құжаттар толық болу керек (8-қосымша)
13) біліктілік санатын беруге (растауға) білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау парағы (10-қосымша)