Дамиева Гулсим Аскербековна » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дамиева Гулсим Аскербековна
18
апрель
2025

Дамиева Гулсим Аскербековна


Дамиева Гулсим Аскербековна 1968 жылы 12 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, А.Суханбаев ауылында дүниеге келген.
    1975 жылы қыркүйек айында аталған ауылдағы А.Суханбаев атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, 1985 жылы 10 сыныпты аяқтады. 1985-1988 жылдары Жамбыл педагогтік училищесінде «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш кластарын оқыту» мамандығы бойынша білім алды. 
2011 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Жамбыл гуманитарлық – техникалық университетін тәмамдады.
Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Байзақ ауданы, Қырық жылдық ауылындағы «Қырық жылдық» орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. 
1989 жылы Жамбыл ауданы, қазіргі Сұлутөр ауылындағы Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебіне ауысты. 
2006-2007 жылдар аралығында аталған мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 
2007-2018 жылдар аралығында директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары;      2018-2024 жылдар аралығында Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарған.
2024 жылдың 25 желтоқсанынан Антон Макаренко атындағы орта мектебінің директоры болып тағайындалды.
Педагог біліктілік санаты: педагог – зерттеуші. 
Басшы біліктілік санаты: басшы – менеджер.