02
август
2023
Туребекова Мейрамкуль Орынбаевна

Алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл ауданы, Түрксіб ауылындағы Антон Макаренко атындағы орта мектебінде тәлімгер болып бастады.
1994-1995 жылдар аралығында аталған мектепте директордың тәрбие ісінің меңгерушісі, 1996-2004 жылдар аралығында директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі, 2004-2012 жылдар аралығында директордың оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап Жамбыл ауданы Антон Макаренко атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.
Мейрамкуль Орынбаевна директорлық еткен 11 жыл ішінде Антон Макаренко атындағы орта мектебінен 20 оқушы алтын белгі иегері, 5 оқушы үздік аттестат иегері атанды. Мейрамкуль Орынбаевна – іскерлілігінің, кәсіби құзіреттілігінің арқасында педагогикалық ұжым мен оқушыларға шығармашылық орта қалыптастыра білген тұлға. Әр жылы мектеп оқушылары мен ұстаздары республикалық, халықаралық деңгейдегі дәстүрлі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанып келеді. Сол қажырлы еңбектің нәтижесінде бес жыл қатарынан аудандық «Үздік ауыл мектебі» атанып, 2019-2020 оқу жылында Антон Макаренко атындағы орта мектебі облыстық «Үздік ауыл мектебі» номинациясын жеңіп алды.
1997 жылы Республиканың білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін Қазақстан Республикасы білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2006 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін білім министрінің алғыс хатын алды.
2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.
2020 жылы «Үздік директор» номинациясымен марапатталды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Жамбыл ауданы әкімінің «БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» номинацисымен марапатталды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның үгіт-насихат жұмысына белсене атсалысқаны үшін Республикалық қоғамдық штаб жетекшісінің Алғыс хатын алды.
2023 жылдың 19 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі және маслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге белсенді қатысқаны үшін Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасының Алғыс хатын алды.
2020 жылы «Зейін» Республикалық қашықтық олимпиадасында I дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы Республикалық «Абайды оқы, таңырқа» қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында Республикалық қашықтықтан «Юный эрудит» олимпиадасына оқушылары Нурматова Диана және Кавазов Довлет қатысып, 3 орынға ие болды.
Республикалық ҚР Тұнғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайтында «Орыс тілі» пәнінен өткізілген қашықтық олимпиадасынан оқушысы Скороходов Денис І орын алды.
9 сынып оқушысы Бадалова Эмиля, облыстық шығармашылық «Мы счастливые дети Великой степи» конкурсының жеңімпазы атанды.
2019 – 2020 оқу жылы орыс тілі пәні бойынша облыстық пәндік олимпиададан оқушысы Ахмедова Рамиля - ІІІ орын алды.
2021-2022 оқу жылы орыс тілі пәні бойынша аудандық пәндік олимпиададан оқушысы Шаймерден Алина - ІІІ орын алды.
2018 жылы «Білім мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзіретін жаңарту» тақырыбындағы 72 сағаттық курсын аяқтады. 2020 жылы «AGZHAN» ғылыми-білім беру орталығы» ҚР орта білім беру ұйымдарының директорларына арналған педагог кадрларының біліктілігін арттыру «Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы басқарушылық қызмет және менеджмент» тақырыбындағы 72 сағаттық курсын аяқтады. 2020 жылы «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» 72 сағаттық курсын аяқтады.
2021 жылы «Білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. 2021 жылы «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде» тақырыбындағы 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
2022 жылы Республикалық «Ұстаз шапағаты» педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналына «Мектеп білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» атты мақаласы жарық көрді.