«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары-2025» » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары-2025»
16
май
2025

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары-2025»

2025 жылғы 12 наурызда «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары-2025» тақырыбы бойынша мектеп педагогтеріне ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аттестаттау комиссиясының мүшелері педагогтерді келесі негізгі аспектілермен таныстырды:
 Педагогтерді аттестаттау кәсіби стандартқа және біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік санатының өту мерзімдері мен дәйектілік қағидатын сақтай отырып жүзеге асырылады;
 Материалдар (портфолио) сәйкес болған кезде педагогтер біліктілік бағалаудан, ПББ және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді
 • «екінші санат» - «педагог-модератор», педагог-сарапшы»
 • «бірінші санат» - «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші»
 • «жоғары санат» - «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер";
 Басшының орынбасары лауазымына педагог тағайындалған кезде немесе керісінше (біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес) біліктілік санаты теңестіріледі және біліктілік санатының қолданылу мерзімі екі жылдан аспайтын мерзімге сақталады:
 • «педагог-сарапшы» - «үшінші санаттағы басшының орынбасары»;
 • «педагог-зерттеуші» - «екінші санаттағы басшының орынбасары»;
 • «педагог-шебер» - «бірінші санаттағы басшының орынбасары».
 Барлық лауазымдардың педагогтары келесі жағдайларда ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді:
 1) 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер қолданыстағы жүйе бойынша бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде;
 2) «бірінші» немесе «жоғары» біліктілік санаты бар педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатын берген кезде;
 3) «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары қатарынан екі реттен артық емес расталған кезде.
 Комиссия қаңтар мен тамыз аралығында педагогтердің құжаттарын (портфолиосын) қарайды. Материалдарға (портфолиоға) педагогтің эссесі (250-300 сөз) енгізіледі. Материалдарды (портфолионы) қалыптастыру кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.