Білім күні » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2019

Білім күні

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Қадірлі оқушылар!
Білім күні шын мәнінде халықтық мерекеге айналып келеді. Бұл мерекенің әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттайтын балалардың жүрегінде бұл күн мәнгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан олардың білім шаңырағында әр сағаты қызықты сабақтармен ұштассын! Мыңдаған оқушылар мен ұстаздар үшін БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы! Еңбектің ең үлкені - Білім! Жаһандану процесі барысында біз білімге ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Қадірлі ұстаздар мен озық ойлы оқушылар! Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін! Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын! Құрметпен: мектеп директоры Туребекова Мейрамгүл Орынбайқызы