Ұстаз - биік әрі мәңгілік » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
октябрь
2018

Ұстаз - биік әрі мәңгілік

Қазан айының 1-5 жұлдызы аралығында Антон Макаренко орта мектебінде  ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз - биік әрі мәңгілік» тақырыбында апталық өтті. Оқушылар арасында «Менің суйікті мұғалімім» атты үздік бейнеролик байқауы өткізілді. Барлық сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілсе,  11 «а» сыныбында сынып жетекшісі Жақыпбекова Балқаш  «Ұстаз - биік әрі мәңгілік» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сонымен қатар 5 қазан күні мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен күні бойы мектепке келген ұстаздарға «Ұстазға - гүл» ұранымен гүл сыйлады. Мектепішілік іс-шараға  ауылдың  ардагер  ұстаздары қатысты. «Ұстазға деген құрметті өлең жолдарымен, әнмен, жырмен айтып  жеткізу мүмкін емес . Қандай шыңда жүрсек те,  ұстаздарымыз бізге көктем гүліндей әдемі, көктемнің ерке желіндей жылы болып қала бересіздер! Өздеріңізге  деген тілегіміз ешқашан аяқталмақ емес. Аман жүріп еңбектеріңіздің жемісін ұзағынан көріңіздер, аяулы асыл ұстаздар» – деп жүрек жарды ақ  тілегін мектеп директоры Туребекова Мейрамкүл Орынбайқызы  құттықтап алғыс хатпен марапаттады.Іс-шараға шақырылған ардагер ұстаздардың қуанышында шек болмады. Іс-шара соңында ардагер, зейнеткер ұстаздардың шырқаған әні естен кетпестей әсерлі болды. Жүректен шыққан ізгі ниеттерін жаудырып, ризашылықтарын білдірді.