15
октябрь
2019
1 қыркүйек - "Білім күні"
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі
демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы
басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса,
ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын
қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне
білген.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесінде мектебімізде салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды.
Жаңа оқу жылы басталар айтулы күнде Антон Макаренко атындағы орта мектебіндегі салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Найманова Үміткен Қапанқызы, Бесағаш ауылдық округінің әкімі Нигматуллаев Бейбіт Сұңғатұлы қатысты.
Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанаты басында егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушылары алғашқы ұстаздарымен бірге қошеметпен ортаға шықты.

Білім күніндегі салтанатты мерекеде Әнұран орындалғаннан соң,
аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызына құттықтау сөз беріліп: -
Құрметті Ата-аналар мен оқушылар, ұстаздар! Бәріміз киелі мектепке
үлкен үмітпен келеміз. Балалар жақсы білім алуға дайындалып келсе,
ұстаздар білгенін үйретіп, қоғамға ылайықты, білімді де білікті шәкірт
әзірлеуге ұмтылады. Осы жаңа оқу жылында баршамыздың үмітіміз ақталып,
ерекше айтулы мерекелерге толы есте қалар жылда, қуанышымыз арта берсін.
Ал 1 сынып бүлдіршіндеріне алдағы күндеріңіз тек шуақты болғай, - дей
келе, оқушыларды алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің
үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілекші екенін жеткізді. Жиында
мектеп басшысы Мейрамгүл Орынбайқызы сөз алды. Оқушыларды жаңа оқу
жылымен құттықтап, мектепте білім алушылар мен мұғалімдер жайында
қысқаша баяндады. 50 жылға жуық тарихында талай түлектерді ұшырған білім
ордасынан әлі де көптеген үлгілі шәкірттердің шығарына сенім артқан
мектеп директоры жаңа ұжымды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.