22
ноябрь
2022
"Балалықтан- даналыққа" кітабының авторы Сейілбек Мырзабаймен кездесу
Жаһандану заманында құрал мен құндылық басы таразыға «тең түскенде» мектебімізде болатын жиналыстың форматын қалай ерекше өткізуге болады деп көп ойландым. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына ойымды жеткізіп ем, бірден келісімін беріп ол кісі де өз ұсыныстарын ортаға салды.
Қазіргі ата-аналардың ой-танымы, көзқарасы оның үстіне жұмыспен үйді қатар алып жүргендері бала тәрбиесінде олқылық жіберіп қойып жатқандары жасырын емес. Сол олқылықтың орнын толтыруға біз тырысқанымен, менталитет тасадан келген кісіні тыңдап, соның айтқанын іліп әкетуге даяр тұрады ғой. Небір коуч, небір тренерлерге шықтым лекция оқып беру үшін. Бәрінің құлқыны құрғақ сөзді місе тұтпайтындарын жеткізіп, өз бағаларын ұсынды. Хош... Осы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы, ар-ұятына бекіген жан болса, осы Сейілбек ұстаз ғой деп алдынан бір өткенде бірден келісімін бергені мені ғана емес, ел ертеңін ойлап, ұлым ұятты, қызым қылықты болсын деген әрбір арлы азаматты ойландырғаны рас. Сондықтан сөзді көп соза бермей тоқ етерін айтайын, Сейілбек ұстаз Мырзабай біздің мектепке келіп лекция оқыды. Келмей қалған адамның жарты ғұмыры зая кететінін мен айтпай-ақ біліп отырсыздар ғой
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Жұмабекқызы