07
февраль
2020
ОЙ ШЫНЫҚТЫРАТЫН СПОРТ
Қазақ халқы ерте заманнан бері спортқа әуес болған. Атқа шабу, көкпар тарту, ит жүгіртіп құс аулау секілді небір сайыстарға түскен. Соның ішінде адам санасын шынықтыратын ой спортынан да құр алақан болмаған. Адамдарды тәрбиелеу, олардың ой санасын шынықтыру, жетілдіру жолындағы қызық ой спорты түрлерінің бірі – қазақтың математикалық "Тоғызқұмалақ" ойыны". "Тоғызқұмалақ - әлемдік интеллектуалдық ойындардың озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Адам санасын жетілдіруге ерекше күш салатын бұл өнер Антон Макаренко атындағы орта мектебінде "Тоғызқұмалақ " үйірмесінде керемет көрініс табуда. Үйірме жетекшісі Г. Дюсебаева ақыл-ойды дамытатын, адамның қабілетін арттырып ми қызметін жетілдіретін зияткерлік ойын,Тек ойын ғана емес оның танымдық әрі тағылымдық тұрғыда да, сондай-ақ спорт, өнер, ғылым ретінде де маңызы зор екенін әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын интеллектуалдық ойын, логикалық ойлау өнері екенін және жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойының дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зерделілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданғанын айта келе , бүгінгі таңда үйірме мүшелерінің тоғызқұмалаққа деген қызығушылығы күннен- күнге арта түсуде- деп қорытты.












