"Шебер қолдар" үйірмесі » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2020

"Шебер қолдар" үйірмесі

Білім беру жүйесінің талаптары  бойынша  көркем еңбекті оқыта отырып, оқушылардың бойына көркемдік-эстетикалық тәрбие беру,  қол еңбегіне қалыптастыру, халқымыздың  ұлттық құндылықтарын  қолөнер тұрғысынан  қабылдауға  қажетті біліммен қаруландыру жұмысы Антон Макаренко атындағы орта  мектебінде "Шебер қолдар" үйірмесі арқылы көрініс табуда. Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеп, шәкірттердің шеберлігі мен  іскерлік , икемділік қабілеттерін арттыруда үйірме жетекшісі Егізбаева Ләйла Күмісбекқызы үлкен жұмыстар жасап жатыр.  Ләйла Күмісбекқызы өз сөзінде: "Шебер қолдар " үйірмесі өнер мен білім беру ісі бір- бірімен ұштасқан дүние,  бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, кәсіби дарын, іскерлік қасиеттерін оқушы бойына қалыптастыруда аянып қалмайтынын айтты.