Адалдық сағаты » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2019

Адалдық сағаты

Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға тәрбиелеу мақсатында Антон Макаренко атындағы орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тікелей бастамасымен "Адалдық сағаты" тақырыбында сабақ өтілді. Сабақты аудандық "Шұғыла-Радуга" газетінің редакторы С.Махамбетқұлов жүргізіп, білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, бас тарту шаралары жайында кеңінен тоқталып, оқушылармен талқылады.
Шара барысында лектор қазақтың бойында бағзыдан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін қазбалап,  тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді. «Адалдық сағатында» білім алушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл  қасиет екендігі жіті түсіндірілді.