«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» апталығы
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
апталығының салтанатты ашылуы
2019 жылдың ақпан айының бірінші жұлдызында «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өзін-өзі тану пәні бойынша он күндігінің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатын мектебіміздің бірінші қабатындағы фаесін безендіруден басталды. Безендіруде әуе шарларды жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбиелік мәні бар дәйексөздермен безендірілді. Оқушылардың, мұғалімдердің бір–бірлеріне деген жылы лебіздерін, жақсы тілектерін қолдарына лента тағу арқылы білдірді. Сонымен қатар мектеп директоры М.О.Туребекова он күндіктің ашылу салтанатымен құттықтап, әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі.
Келесі тілек кезегі 11 сынып оқушыларына берілді. Олар өздерінің жылы тілектерінің арасында «Өзін - өзі тану» пәнінің өзге пәндерден ерекшелігін және адамгершілік қасиеттердің барлық құндылықтарының кәусәр бұлағы екендігін өздерінің қуанышты сезімдерімен білдірді. Іс-шара мектептің мәжіліс залында оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты
Өзін-өзі тану пәнінің мектеп бағдарламасына енуі – Тәуелсіздіктің тәтті
жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі – Адам болып қалыптасуының алғы шарты.
Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым
қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту
осы пәннің еншісіне тиді. Бұл істе – Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі
орасан! Үлкен жүректі Ел Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген
ойлары мен тұжырымдарының жемісі. Жақсыны ұлықтай білу де, жайсаңды қызықтай
білу ақылдың ісі . Осыған орай «Балаға
жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға
арналған тақырыптық ашық сабақтар жоғары
деңгейде балалармен ерекше қызықты өткізілді. «Өзін-өзі тану»
адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және
білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын
жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, өмірге, жақын
адамдарға, ата-анаға, жалпы қоршаған әлемге деген бауырмалдық, жақсылық жасауға
тәрбиелеуде.
Апталықтың төртінші күні білім
алушылармен мектеп кітапханасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қайырымдылық қызметтері туралы
сонымен қатар «Сүйіспеншілікпен өмір
сүру» атты тақырыптар аясында дөңгелек
үстел өткізілді.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің келесі кезегі сыныптар арасында «Бақыт іздеуші, Құштарлық, Кітаптар мұңы, Ана мейірімі» атты аңыз -әңгімелерден көрініс қойылымдар көрсетілді. Оқушылар қойылымдарды қою кезінде адам бойынан табылатын жақсы құнды қасиеттерді көрсетіп, тәрбиелік жағын жақсы аша білді
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің келесі күні «Руханилықтың мөлдір бұлағы атты» тақырыпта балалардың шығармашылық жұмыстарының (суреттер, ашық хаттар,қолдан жасалған бұйымдар және т.б) көрмелер ұйымдастырылды.
Бұл күн балалар уйінің тарбиеленушісі Тажибаева Жеңіскул апамен кездесуімен жалғасты
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында өткізілген ән фестивалине 1-10 сынып аралығындағы жас өнерпаздар , өнерлі оқушылар қатыстырылды. Өнер –халыққа тән болса, сол халықтың болашағы болып табылатын жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.Еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері С.А. Назарбаеваның сан салалы қайырымдылық қызметі мен қатар тұлғаны қалыптастыруда рухани –адамгершілік құндылықтарды сіңіруді мақсат тұтқан жарқын бастамаларының игі әсерін тигізіп жатқандығы айтылды. Ән фестивалі С.Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытынды жасады.
Антон Макаренко орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінде Аға тәлімгері Илдинбаева Забираның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық - жер бетінде!» атты флеш -моб өткізілді. Флеш-мобқа оқушылармен бірге мектеп директоры да белсене қатысты.
«Өзін-өзі
тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің соңғы кезегі
бойынша «Мейірімділік –асыл қасиет»,
«Өнеге-отбасынан» , «Кәусәр бұлақ –тұнығынан », тақырыбында сабақтар өз
деңгейінде өткізілді. Мұндай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар мектебімізде үнемі
өткізіледі
Апталық қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар Алғыс хаттармен марапатталды.