Емтиханға психологиялық көмек » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Емтиханға психологиялық көмек
14
январь
2019

Емтиханға психологиялық көмек

Емтиханға психологиялық көмек

Емтихан кезінде оқушы жақсы көрсеткіш көрсетіп, қобалжымау үшін психологиялық дайындық өте қажет. Осы орайда мектебімізде 11 сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсету мақсатында «Стреспен қалай күресуге болады?»тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысы бірнеше жаттығулардан тұрды. Атап айтсақ, «Менің керемет есімім» жаттығуында оқушылар өздерінің есімдерімен қоса бойындағы жағымды жақтарын атап өтсе, «Ұжымдық санау» жаттығуында  сыныппен бірлесе  жұмыс жасады. «Атомдар» жаттығуы  арқылы бойларын сергітіп  алса, «Сенімділік серігім» жаттығуы арқылы өздеріне деген сенімділіктері күшейе  түсті. Тренинг соңы оқушылардың бір-біріне арналған жылы лебіздерін  білдіретін  «Тілек шамы» жаттығуы арқылы аяқталды.