05
февраль
2019
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беру жиналысы
Қаңтар айының 29 жұлдызында Антон Макаренко атындағы орта мектебінде мектеп
директоры Туребекова Мейрамкүл Орынбыйқызының Қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беру жиналысы өткізілді. Есеп беру жиналысында мектеп басшысы І жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға
тоқталып өтті. Мектептің білім сапасының
көрсеткіші, ОЖСБ жұмыстарының жүргізілу барысы, мектеп мұғалімдері мен
оқушылардың жетістіктері, мектептің
материалдық базасының толықтырылуы, оқушылардың
бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуы, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға
берілген көмек туралы т. с. с. мәселелер
жайлы айтып өтті. Қамқоршы кеңес
мүшелерінің ұсыныстары мен тілектері тыңдалды.