Білім негізі - бастауышта » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
апрель
2019

Білім негізі - бастауышта

Білім негізі - бастауышта
     Жалпы орта білім беретін мектептерде оқушыларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Осындай іс-шаралардың бірі ретінде мектебімізде 18-28 ақпан аралығында  бастауыш білім сатысында «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбында онкүндік өкізілді.
    Онкүндікте бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы іс-тәжірибесін бөлісу мақсаты көзделді. Ақпанның 18 күні екі ауысымда концерттік бағдарлама ретінде онкүндіктің ашылуы болды. Онда директордың бастауыш сыныптардағы оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нұрғазиева онкүндіктің ашылуымен құттықтап, 2018-2019 оқу жылында жеткен жетістіктерге тоқталып, онкүндік жоспарымен таныстырды.        Онкүндік кезінде жаңартылған білім мазмұнына сай керемет сабақтар өтілді. Атап айтқанда, 1 «А» сыныбында А.Танатарованың сауат ашу пәнінен «Фф дыбысы мен әрпі» тақырыбында сабағы, 2 «Б»сыныбында Ж.Абдраимованың әдебиеттік оқу пәнінен «Бекзат» тақырыбында, 3 «Б» сыныбында математика пәнінен «Жазбаша түрде қалдықпен бөлу» тақырыбында, 4 «Г» сыныбында Г.Бейсембаевның әдебиеттік оқу пәнінен «Ана құшағында» тақырыбындағы сабағы жоғары деңгейде болды. Сонымен қатар,онкүндікте  сыныптан тыс іс шаралар да өте қызықты өтілді. Атап айтар болсақ, 3-сыныптар арасында өтілген «Тапқыр болсаң, озып көр!», 4-сыныптар арасында өтілген «Тапқырлар тартысы» сайысы өте қызықты өтілді. 
     Онкүндіктің соңғы күні жабылу рәсімі өтілді. Онда директордың ғылыми әдістеме ісі жөніндегі орынбасары С.Е.Абдуллаева  апталықты қорытындылап, ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарды жақсы өткізген ұстаздарға ризашылығын білдірді.
      Онкүндік барысында пәндер бойынша қабырға газеттері шығарылып, көрме ұйымдастырылды.
 
 
Директордың бастауыш сыныптардағы
оқу ісі жөніндегі орынбасары:                  Г.Нұрғазиева