Барлық бала бақытты болуы үшін жаралған » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Барлық бала бақытты болуы үшін жаралған
28
июль
2020

Барлық бала бақытты болуы үшін жаралған

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың "Барлық бала бақытты болуы үшін жаралған " тақырыбындағы  өңір  тұрғындарына арнаған үндеуін  оқи  отырып өз балалық шағымды  еске алдым.  Бала тәрбиелеудегі өз тәжірибемді көз алдыма  келтіріп, бала тәрбиесі туралы тұжырымдар жасадым. Көп балалы ана  ретінде үнемі бала тәрбиесі туралы мағлұмат жинап ізденіс үстінде жүремін. Өзім алғаш ана атанғанымда тұла бойым тұнғышымның тәрбиесінде көп қателік жіберіп алғандаймын, енді сол қателігімнің орнын толтыру мақсатында жан -жақты ізденісте жүремін. Және де ізденісім жемісін беріп келеді.
Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. ... бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы», - деп айтып кеткен ғой. Біздің данагөй халқымыз ежелден-ақ бала тәрбиесін болашақ тәрбиесі деп түсінген. Сол себепті, жаман мінез, қылықтан сақтандыруда «ұлға – отыз үйден, қызға - қырық үйден тыю» салған. 
Елінің сүйікті перзенті етіп ұл-қызын өсіргісі келген ата-ана ең әуелі балаларын еңбекке баулуға, қалаған ісін үйретуге, түсінбеген мәселелерін ұқтыруға тиісті. Ол үлкен төзімділікті талап етеді.  Жеткіншек атқаратын шаруа, жұмыс әртүрлі, қызықты болса, оның еңбекке баулуда пайдасы зор. Әсіресе, әрбір оқушының күн тәртібінің кестесі болуға тиіс. Бұл баланы жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді, жақсы тынығуына жәрдемдеседі.
Бала – біздің бауыр етіміз, бақытты болашағымыз. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», - демекші, бала тәрбиесіне отбасында өмірге келген күнінен бастап айрықша мән берейік.

Түрксіб ауылының тұрғыны 
Канатова  Перизат Жангалиевна

Похожие публикации:

13 сентябрь 2019 "Мың бала"
05 сентябрь 2019 Бір бала - бір ағаш