БІЛІМДІ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӨШБАСШЫ МЕКТЕП » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЛІМДІ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӨШБАСШЫ МЕКТЕП
02
июнь
2023

БІЛІМДІ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӨШБАСШЫ МЕКТЕП

БІЛІМДІ БРЕНДКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӨШБАСШЫ МЕКТЕП




Білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылда өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу. Қазіргі кезде қазақстандық мектептер біртіндеп өзгеріп келеді. Табысты адамдардың ойлау стратегиялары мен дағдылары оқу процесіне ғана емес «ата-ана – оқушы – мектеп» дейтін үштік одаққа өз әсерін тигізуде. 

Ауыл мұғалімдерінің жұмысының түрі кәсіби кері байланыс берумен өлшенетінін заман ағымы көрсетіп отыр. Кәсіби кері байланыс берумен қатар сабақтарды өзара бақылау, сабақтарды бірлесіп жоспарлау, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін енгізу және тағы басқа да іс-шаралар кешені өткізіліп келеді. Іс-тәжірибе көрсеткеніндей жаһандық даму көшіне ілесе ғұмыр кешіп жатқан ата-ана үшін педагог қызметінің нәтижесінен бөлек, кейде баланың сабағын қадағалау, оқу процесіндегі баланың сабаққа ынталылығы, байқау-жарыстарға қатысу белсенділігіне ықпал ету мектептегі ұжыммен қатар ата-аналар тарапынан да үлкен күшті, қолдауды талап етеді. Бұл сөзімізге халықаралық «Отбасы күні» мерекесіне орай мектебімізде өткізілген «Білімді брендке айналдырған көшбасшы мектеп» тақырыбындағы ашық есік күнін айтуға болады. 

Бала тәрбесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екенін түсіндіру және ата-аналардың мұғлаімдермен байланысын арттыруды мақсат еткен ашық есік күніне ..... ата-ана қатысып, пән бірлестіктерінің жұмысымен танысып, іс-шара қорытындысы ретінде оқушылардың қатысуымен  «Отбасы – бақыт мекені» мерекелік концертін тамашалады. 

«Бар ғылымның бастауы...» деп аталатын көрмені бастауыш сынып пәндері, қоғамдық-гуманитарлық, математика-информатика және жаратылыстану пәндері бірлестіктері таныстырып өз жұмыстарын ұсынды.

Жаратылыстану пәндері бірлестігінің таныстырылымы физика, химия, биология пәнінен зертханалық жұмыстар көрсетумен ғана емес, оқушылар  жел энергиясының жүзеге асыру жолдарын, күн жүйесінің қозғалысын, магнит өрісін және электр тізбегінде шамды параллель, тізбектей жалғаудың жолдарын көрсетті. Безендіру жұмыстарында ғарыш әлеміне саяхат жасап, телескоппен таныстырды.

Эко ойыншық, “Қалдықтарға екінші өмір сыйла” тақырыбындағы көрме жұмысы көпшіліктің қызығушылығын туғызумен қатар, ой салды.  

Математика-информатика бірлестігінің жұмысының геометриялық фигуралардағы QR код арқылы берілген есептерді шешумен қызықтырды.

Ата-аналарды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ата-аналарды кітапхананың жұмысымен таныстырып, жаңа ақпараттық мүмкіндіктер жайлы мәлімет беру, отбасылық құндылықтар мен отбасы беделін көтеруді мақсат еткен кітапханашылардың жұмысы рухани құндылыққа бағыт берудің сипаты болды десек артық айтқандық емес. Мектебімізде Мемлекет   басшысының  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынған. Осыған орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып,   іс-шараға оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер қатысты. Мысалы, ата-аналармен  "Отбасымен бірге кітап оқу" челленджі, «Менің үйімдегі кітапхана» таныстырылымы, отбасымен бірге кітап оқу клубы.  

        Ата-аналар кездесу барысында кітапхана ісіне арналған холлда орналасқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған жобалар туралы ақпараттармен танысты. Атап айтқанда «GOWORKING» орталығының жұмысы, «Буккросинг», «READx», «TEDx» жобалары, «Талаптың мініп тұлпарын, кітап оқы ұрпағым» атты мектепішілік байқау және т.б.    Қазіргі таңда мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуына қолайлы жағдай жасалған: Кітапхана  кітап қорын насихаттау мақсатында кітап көрмелерімен безендіріліп, қажетті компьютерлік жабдықтармен жабдықталған. Кітапханамыз коворкинг орталығы, яғни демалыс орталығы ретінде өз жұмысын ұйымдастыруда. Бұл жерде оқушылар бос уақытында кітап оқып, жазу жазып, оқу бағдарламасына байланысты, көптеген ақпаратты арнайы жабдықталған электронды оқу бұрышынан интернет желісі арқылы ала алады. 2022-2023 оқу жылы кітапхана қоры 783 көркем әдебиетімен толықтырылды. Ашық есік күніне келуші әр оқырманға жарық көрген  жаңа кітаптармен қатар, электрондық оқулықтар таныстырылып, кітапхана жұмысының барысы көрсетілді.

        Мектеп, ата-ана ұстаз бірлігі – саналы ұрпақ тәрбиесінің ізгі жолы деген ұстанымды ту етіп, оқушылардың дарыны мен қабілетін шыңдауды,  отбасында алған тәрбесін мектеп табалдырығында бекуді мектеп ұжымы әрқашан назардан тыс қалдырған емес. 

«Әдебиет – білімнің түпсіз  аспаны, өнер – терең бастауы» атты көрме жұмысын таныстырған қазақ тілі мен әдңбиеті, спорт және өнертану бірлестіктерінің жұмысы тек сыртқы құрылымы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан үйлесімді болып 9, 10, 11 – сынып оқушылары М.Шахановтың шығармасы негізінде  «Бақыт мекені» атты қойылымды сомдап, іс-шараға келген ата-аналарын дән риза етті. Оқушылардың қолөнер бұйымдарын, ұлттық ойын «Шекемтас», «Асық ату», сурет картиналары мен құрақ құрау секілді өнерлерін тамашалаған шәкірттеріміздің ата-аналары мен ата-апалары мектеп ұжымы мен жас өнерпаздарға өз баталарын берді.

Мектептің осы бағыттағы жұмыстарынан бөлек тарих пәні мұғалімі Абдикаримова Динара Тәженқызының жетекшілігімен «PARASAT» дебат ұйірмесінің пікірталас ойыны көпшіліктің назарына ұсынылып, дебатерлер «Баланың тәрбесінде ана-анаға қарағанда мектептің рөлі басымырақ деп есептейді» тақырыбында қарары бойынша «Алау» және «Алаш» фракциялары сайысқа түсіп, нәтижесінде «Алаш» фракциясы жеңіске жетті.

Бұл іс-шара  оқу жылы қорытындысы ретінде «үштік одақ» арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп есеп беру болса, әр оқу жылы сайын дәстүрлі түрде  үрдіске айналдыруды көздеп отыр. Іс-шара соңында сөз алған беосенді ата-аналар бұл іс-шараның мектебімізге жаңа серпін, қозғалыс әкелетінін тілге тиек етсе, бір ұжым, бір ортақ мақсаттар төңірегінде бірлесе жұмыстар атқаруға өз үлестерін қосуға дайны екенін жеткізді. Алдағы уақытта осы жобаның тиімді нәтижесін көру үшін жүйелі жұмыстардың жоспары құрылатын болады. 

Бақытты балалық шақтың территориясын қалыптастыру сіз бен біздің қолымызда екені анық. 


МЕКТЕП ДИРЕКТРЫ: ТУРЕБЕКОВА МЕЙРАМКУЛЬ ОРЫНБАЕВНА

Похожие публикации:

02 сентябрь 2019 Білім күні