Талисс туралы түсінік » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2023

Талисс туралы түсінік

Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы TALIS зерттеуін 2008 жылдан бастап әр бес жыл сайын өткізуде.

Зерттеу мақсаты – қатысушы мемлекеттерге мектеп процесстерінің тиімділігін қамтамасыз ететін саясатты анықтау үшін мезгілді және шынайы салыстырмалы деректерді ұсыну.

Зерттеуге негізгі мектеп мұғалімдері мен директорлар қатыспақшы. Сауалнама сұрақтарын Халықаралық консорциум мен сарапшылар тобы даярлайды. Сауалнамалар онлайн толтырылады, оған мұғалімдер 60 минуттай уақыт жұмсайды. Алайда, кейбір мемлекеттер сауалнаманы жазбаша түрде толтыруға мүмкіндік ұсынады.

Сауалнама мұғалім мамандығын зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында мұғалімдер кәсіби даярлық, педагогикалық қызмет, кері байланыс, мектеп ахуалы, жұмысқа қанағаттану және мәдени әр-алуан ортада оқыту туралы ақпарат ұсынады.

Зерттеу аясында жеке мектеп, мұғалім не директордың жетістіктері бағаланбайды. Жиналған деректер жалпы білім беру жүйесіне баға беруде көмек болып, жеке жауап берушілерді белгілемейтін болады.

Қазақстан зерттеуге 2018 жылы сәуір-мамырда қатысады. Зерттеуге қатысуға елдің 333 мектебінен 6 мыңнан астам мұғалім іріктеледі.

TALIS-2018 зерттеуіне 46 елдің ұстаздары қатысады. ЭЫДҰ зерттеу нәтижелерін 2019 жылы маусымда жариялайды.

Еліміздің осы теңдесі жоқ зерттеуге қатысуы мұғалімдер үшін Қазақстан білім беру саясатын талдау мен құруда үлес қосуға және мектепте білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-талдау орталығы" ЭЫДҰ сабақ беру мен оқытудың халықаралық зерттеуінің (TALIS) Қазақстанда 2018 жылы өтетін негізгі кезеңнің мектеп үйлестірушілеріне арналған оқу семинары өткізілді. Семинарға Опорный орта мектебінен мектеп үйлестірушісі З.Жумабаева қатысып келді.

Оқыту семинарының жұмысына жалпы Маңғыстау облысы бойынша 12 адам қатысты (облыстық және мектеп үйлестірушілері). TALIS 2018 зерттеуінің мақсатты тобы – негізгі мектеп (5-9 (10)-сынып) мұғалімдері және осы мұғалімдер қызмет ететін мектептің директоры. TALISсыныптағы жұмыс, мектеп және мектеп басшылығына байланысты саяси мәселелерді зерттейді. Опорный орта мектебінен 5-9 сынып аралығында сабақ беретін 38 мұғалімнің тізімі анықталып жіберілген еді. Осы мұғалімдердің ішінен 20 мұғалім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақпараттық-талдау орталығы" -нан іріктелініп келді.

№ Мұғалімдердің аты-жөні Оқытатын пәні

1 Байзулиева Жолаш қазақ тілі

2 Баймағанбетова Дариягул орыс тілі

3 Байтова Гулбану ағылшын

4 Достлеуова Лаззат физика

5 Есениязова Биғайша география

6 Жакашева Гульмира орыс тілі

7 Жиенбетова Қарқара математика

8 Жұмалиева Гулнар қазақ тілі

9 Изимова Сания өзін –өзі тану

10 Кетебаева Шарапат бейнелеу

11 Қалмұрзина Бақыт тарих

12 Қоспақова Айнур биология

13 Меңдіғазиева Айгул дене шынықтыру

14 Оразалиева Асылай дене шынықтыру

15 Оралбаева Жанат химия

16 Сарыева Гулайм дене шынықтыру

17 Тоқсанова Зоя математика

18 Туменғариева Шынаргул химия

19 Шаханова Райхан қазақ тілі

20 Ыбыраева Ақкенже математика

TALIS- тың халықаралық зерттеуі, сауаланаманы алу туралы мұғалімдерге таныстырылып, кері байланыс орнатылды. Сауалнама 2018 жылдың наурыз айының 6 – да мектебімізде онлайн түрінде өткізіледі.

Зерттеу басталмас бұрын мектеп үйлестірушісі ретінде З. Жумабаева материалдардың қауіпсіздігі және сақталуына жауапты. Зерттеу материалдары мұғалімдердің қатысымын бақылау формасында көрсетілген мұғалімдер мен директордан басқа тұлғаларға берілмейді. Материалдарды көшіруге және жариялауға болмайды. Материалдар құлыптап сақталады, ал қолданбаған материалдар Ұлттық үйлестірушіге қайтарылады.Директор мен мұғалім ілеспе хаттарын мұғалімдердің қатысымын бақылау формасына сәйкес таратылады. Директор мен мұғалім сауалнамасына 50 минуттай қажет. Онлайн сауалнамалардың веб-парақтары интернет –браузерлердің минималдық талаптарына сай құрастырылған. Мұғалімдер мен директорға олардың есімдері ешбір уақытта хабарланбайтыны ескертілді. Қатысушылар бір сұрақтан екінші сұраққа көшкен соң жауаптары сақталады. Әр қатысушының ілеспе хатында төмендегі мәлімет беріледі.(шартты белгілер):

· Интернет мекен-жайы,

· Директорларға: 4 –таңбалы пайдаланушы аты(директор ID-i)

· Мұғалімдерге: 6 - таңбалы пайдаланушы аты(мұғалім ID-i)

· Кіруге арналған 5 – таңбалы құпиясөз (бақылау саны)

Мектебімізге Ұлттық үйлестіруші тағайындаған және орталыққа есеп беретін зерттеуді жүргізу сапасының ұлттық бақылаушысы келуі мүмкін. Ұлттық сапа бақылаушысы мектеп деңгейінде зерттеудің откізу сапасын бақылайды