15
март
2019
Қоғамдық қабылдау
Түрксіб ауылы, Антон Макаренко атындағы орта мектебінде мектеп директоры Туребекова Мейрамгүл Орынбайқызы азаматтарды қабылдау күнін өткізді. Қабылдауға жалпы саны 8 адам жазылып, толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Сауалдардың басым бөлігі қыс мезгілінде І ауысымдағы 1-сабақтың сағат 08.00-де басталуы ата-аналарды алаңдататыны жайлы, сонымен қатар оқушылардың бос уақытында домбыра, би үйірмелерінен өзге де "актерлік шеберлік", "театр өнері" сынды секциялар ашылса деген ұсыныстарын да айтып өтті. Барлық сұрақтар мен ұсыныстар хаттамаға тіркеліп, нәтижеге бағытталған жұмыстар жүргізілетіні жайлы айтылды