08
декабрь
2020
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
2020 жылдың 18- мамыр күні Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты тақырыпта 9-11 сыныптар арасында онлайн форматта «Адалдық сағаты» өтілді. Бұл адалдық сағатының бастымақсаты өскелең ұрпаққа парасатты қоғам идеологиясын насихаттау , әділдік, парасаттылық , сенімділік тәрбие беру болды.Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Абай- қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы- парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн»- деген сөзімен басталған адалдық сағатының тәрбиелік мәні зор болды. Сонымен қатар Абайдың шығармашылық қызметінің негізгі мұраты- адам тәрбиесі екенін айта отырып, Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізгенін анық көрсетті .Ғанижан Асанұлының ғибратқа толы деректері мен ойлары одан әрі оқушылардың білімдерін толықтыра түсті.
Жамбыл ауданы
_________ Антон Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Панеева Майра Мұстаханқызы
Жамбыл ауданы
_________ Антон Макаренко атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Панеева Майра Мұстаханқызы
