08
декабрь
2020
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің қашықтықтан оқытуға байланысты Ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай, «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» атты адалдық сағаты өтті. Бейне-дәріс көрсетілімін сыныптастарымызбен жергілікті телеарналардың эфирі арқылы көрдік.
Адалдық – сана мен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастырудың негізі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қандай әдістер қолданылмаса да, әрбір адам адалдық, патриотизм, парасаттылық сияқты қасиеттерді өз-өзінен тәрбиелей бастағанға дейін барлығы мағынасыз.
Ұлы Абайдың даналық ойларын өз өмірімізде басшылыққа ала отырып, адалдық жолынан айнымай, адамгершілік қасиетке бай мықты тұлға болып қалыптасатынымызға сенім мол.
__________
Антон Макаренко орта мектебінің 11-сынып оқушысы Анарбекова Нұрай