10
август
2020
Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
Абай... Қазақ тарихы мен әдебиетінде атақ-даңқы асқан Абайдай дара, Абайдай дана, танымал тұлға жоқ.
Ақын есімімен аталатын кітапханалар, театрлар, мектептер, жоғары оқу орындары мен саябақтар ақынға көрсетілген құрметтің бір парасы ғана. Ал ақынның ескерткішін кез келген қаладан кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда Абай қазақ халқының бренді.
Тәуелсіздігімізді алдық, дербес мемлекет болдық. Егемендіктің елең-алаң кезінен бері ауқымды істер еңсерілді, елдің еңсесі көтерілді. Ұлтты ұйыстырып, әлемнің дамыған елдерінің көшіне ілесу үшін не істемек керек? Ол үшін Абай ұлағатын тереңірек зерттеп-зерделемек керек. Ол үшін Абай мұрасы – Ұлы дала өркениетінің алтын тұғырына айналуы қажет. Әкенің баласы емес, адамның баласы болуды мақсат тұтқан ақынның құнды қазынасы өскелең ұрпақпен бірге жасайтын мәңгілік мұраға айналуы тиіс.
Бастауыш оқу сатысындағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Олжабаева Нағима Сәрсенбекқызы