05
октябрь
2019
Ұстазға тілек
Ұстаздық - ұлы да құрметті кәсіп. Себебі,
ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың данасын да, ғалымын да,
кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарымызды қалай
ардақтасақ, ұстарымызды да солай ардақтауға міндеттіміз. Ұстаз былайша
айтқанда, біздің екінші анамыз. Мысалға, менің сүйікті ұстазым қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Салтанат Жұмабекқызы. Ұстазым өз
мамандығын сүйеді, сабаққа жан-жақты дайындықпен келіп, биік
шеберлігімен, қарапайымдылығымен адамгершілігімен бізді баурап алды.
Өзінің білгенін үйретуге жалыққан емес. Оқушының сабаққа қызықтыру
мақсатында сыныптан тыс іс-шараларды да жиі өткізеді. Ол бізге
ой-пікірімізді тиянақтауға бар күшін жұмсап ат салысады. Мағжан атамыз
айтқандай: "Өмірдегі қадірлі орын -ұстаздікі". Мен өзімнің сүйікті
ұстазыма шығармашылық табыс, қажымас қайрат, мықты денсаулық тілеймін!
Тілек білдіруші:
9-сынып оқушысы
Искандеров Самат
9-сынып оқушысы
Искандеров Самат