"Қоғамға қызмет" жобасы » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2021

"Қоғамға қызмет" жобасы

Қоғамға қызмет ету – бұл «көмек беру» ұстанымын таңдау, әлемдегі мейірімділікті дәріптеу, әлемді даналықпен және сүйіспеншілікпен толықтыру, мүмкіндігі шектеулі жандардың мұқ­таждықтары мен қайғысына жауап беру. Ал бұл қасиеттер біз­дің халқымыздың бойында, қанында бар.  Антон Макаренко атындағы  орта мектебінде    қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік жобасын  қолға алып, жан-жақты жүргізіп келе жатыр.  Жомарт жандардың   елжұртына қайырымды болуы, қор­шаған ортаға жылышырай-жана­шырлықпен қарауы – басты қажеттілік, басты қуаныш. Сондықтан ауқымды, маңызды игі іске  бүкіл қоғамның мүшелері атсалысса, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қандай салада болсын игілікті істер тындыруға дайын болса, елімізде инклюзивті қоғам қалыптасатыны сөзсіз, – дейді   әлеуметтік педагог Назым Боранбаева.   «Қоғамға қызмет» жобасын осы бағыттағы сүбелі істердің бірі деуге болады.