27
январь
2021
Ғасыр куәсі– Жамбыл
Ғасыр куәсі– Жамбыл
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28- ақпанда Жапа есімді кісінің отбасында дүниеге келген. Жасынан өлең-жырға қанып өсіп, өзінің пір тұтқан Сүйінбай Аронұлы сияқты дүлей ақыннан бағыт –бағдар алды. Ақын Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «Балам, өз өлеңіңді шығар, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйіп тыңдайтын өлеңі болсын». Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау үшін пайдалану қажет екенін түсінген Жамбыл өзінің алғашқы өлеңдерінде бай мен билердің, төрелердің елге жасаған қиянатын әшкерелейді. Халық мүддесін өз өлеңдерінде арқау етеді. Суырыпсалма ақын айтыс өнерінің қыры мен сырын жетік меңгерген және сөз құдіретін білетін қасиетімен талай айтыста жеңіске жетіп отырған. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік біліп, Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген. Жамбыл ақынның шығармашылық өмірі ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы кездегі Шортанбай сияқты «Зар заман » ақындары толғауларына арқау еткен заманда Ресей империясы бүкіл қазақ елін түгел отарлап алған болатын. Соның салдарынан жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, одан бері де ХХ ғасырдың 20-жылдарында Ресей мемлекетіндегі азамат соғысының зардаптары , кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар қарапайым адамдардың да, зиялылардың да жан дүниесін өзгертті. Осындай жағдайдың куәгері болған Жамбыл шындықты айта білді , замана болмысын жасырмай суреттеді, ащы шындықты жырлады.
Жамбылды дүлдүл ақын ретінде барша елге танытқан – оның айтыстары. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз майталман, көркем сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. Жамбыл өзінің ақындық өнерін көбінесе осы айтыстар үстінде көрсетті. Жамбылдың айтыстағы бір ерекшелігі - өзінің ақындық өнерін тиісті идеялық бағытта пайдалана білгендігі. Ақын айтыста қалың көпшіліктің көңіліне қонымды ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік сияқты мәселелерді қозғайды. Айтыс үстінде халық атынан сөйлеп, халыққа арқа сүйеп отырған. Жамбылдың бұрынғы айтыстарының ішінде, әсіресе оның Құлмамбет ақынмен айтысы ерекше көзге түседі. Жамбыл Құлмамбет ақынмен 1881 жылы айтысып, оны жеңіп шыққан.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын жырлары арқылы белсене қатысты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді, өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Бұған ақынның «Зілді бұйрық» өлеңі мысал бола алады. Кеңес дәуірі жылдарында Жамбыл ақын қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлады. Мемлекет басшылары мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемлекеттік мәселелерді көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыс тұсында бүкіл Кеңес Одағында Жамбылдан дәрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Жамбыл есімінің әлемнің шартарабына танылған тұсы да осы кезең еді, ақын жырлары , оның ішінде «Ленинградтық өренім» өлеңі майдандағы әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін қайрады, жауынгерлерлің ұранына айналды. Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
Ауыз әдебиет алыбы. ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі, Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Жылқышы» өлеңі. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды. Патша әулетінің 300 жылдығына (1913) арналып, Алматыда көрме ұйымдастырылды. Көрмеге байлары ақ үйлерін тігіп, қымбат дүниелерін қояды, қазақ байлары мен әкімдерінің бұл жағымпаздық қылықтарын шенеп, Жамбыл «Өстепкеде» деген өлеңін шығарды.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз » - деген еді Сәкен Сейфуллин.
Жамбыл – жыршылық өнердің де асқан шебері. «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр» дастандары мазмұны жұмыр, көркем түрде жазылған шығармалары. Оның үздік шығармалары қырықтан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ромен Роллан, Мартин Андерсен Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл ақынның шығармашылығына , поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Абдрахманов: «1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығында Санкт-Петербург қаласына барып үлкен іс-шара өткіздік. Мен Мәдениет министрінің бірінші орынбасары едім. Сонда Таврия сарайының залында бірнеше адам «Жамбылдың «Колыбельная» бесік жырын айтып, бізді аналарымыз ұйықтатушы еді», дегенде біз шалқамыздан түсе жаздадық. «Ленинградцы, дети мои!» деген плакатты былай қойғанда. Өзге халықтың бесік жырына айналған ұлы тұлға. Біз Жамбылға қарыздармыз, тарихтың тар кезеңінде халқының атын әлемге жайғаны үшін.
Жамбыл – таза ұлттық құбылыс. Жүзге жеткенше жүрегінен жыр саулаған ұлтымыздың ұлы жырауы ең алдымен ұлтына керек. Қадір тұтар халқына керек . Тура өзі айтып кеткендей: «Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым!»- деген еді естелігінде Айтыстар
Жамбыл мен Айкүміс
Жамбыл мен Құлманбет
Жамбыл мен Шашубай
Жамбыл мен Досмағанбет
Дастандар
Өтеген батыр
Сұраншы батыр
Көрұғлы
Бақ, дәулет, ақыл
Өлеңдер
Атаның әлдиі
Балаларға
Балама хат
Бесік жыры
Ленинградтық өренім
Шәкірт балаларға
20-ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Нартай Бекежанов, Доскей Әлімбаев, т.б. белгілі суырып салма ақындар бар. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін Жамбыл Ленин, Еңбек Қызыл ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталды. 1941 ж. Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше ауданға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына берілді. 1945 жылдың 22 -маусымында Жамбыл жүзге қараған шағында Алматы қаласында қайтыс болды. Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті.
Заманымыздың классик жазушысы, атақты Мұхтар Әуезов «Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бірі, әрі эпик-ақын, әрі айтыс-ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған еді. Жамбыл Жабаевтың туғанына 2021 жылдың 28 ақпанында 175 жыл толады. Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген. «Елімнің жақсыларын таныстырған, Ой жырым, қызыл тілім сенің арқаң», – деген Жамбыл баба қандай құрметке де лайық.
Бүгін Жамбылтанудың жаңа кезеңі келді. Себебі Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл.