07
май
2020
«Ардагерлер туралы заң» қарттарын қадірлеген елдің мерейін үстем етеді
Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына – 75 жыл. Осы айтулы күн қарсаңында, «Ардагерлер туралы заң» жобасының қабылдануы ардагерлерін ардақтап, қарттарын қадірлеген ел озатындығының тағы бір куәсі екеніне дәлел болып отырғандай. Себебі бұл заң жобасы мерейтойы қарсаңында үлкен сый, көңілге демеу болып отырғанын көріп отырмыз. Соғыс ардагерлері қан майданда ғана емес, одан кейінгі жылдары да елдің еңсесін көтеруге атсалысқанын кейінгі ұрпақ біліп өсуі керек. Бейбіт өмір үшін, қауіпсіз қоғам үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегін мемлекеттің назардан тыс қалдырмай, елеп-ескеріп, қамқорлық танытып жатқандығы қуантады.
Антон Макаренко атындағы орта мектебініңғ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байғабылов Мұрат Шәбденұлы
Антон Макаренко атындағы орта мектебініңғ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Байғабылов Мұрат Шәбденұлы
