09
май
2020
9 мамыр – Жеңіс күні
Әр жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнін көкірегімізді кернеген ерекше мақтанышпен, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерімізге деген айрықша ризашылықпен қарсы аламыз.
Жеңіс күні - еліміздің ұлылығын, күші мен қуатын бейнелейді.
Жеңіс мерекесі - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қаһармандығы, бейбіт күндеріміз үшін қантөгіс майданда жанын қиған батырларымызға арналады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен мұқалмас қажыр- қайраттары өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін Отанға деген қайсар рухтың мықтылығы мен отансүйгіштік сезімнің шексіз өнегесі болып табылады.
«Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз. Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды. Тарихы тамырлас, тағдыры бауырлас көпұлтты еліміздегі тыныштық пен түсіністіктің түбірі де осы бір атаулы күннен бастау
алса керек.
Сұрапыл соғыс жылдары Жамбыл ауданы Түрксіб ауылынан да майданға бірнеше азаматтар аттанып, майдан даласында мәңгілікке қалғаны да бар. . Елге оралған ардагерлер соғыстан кейінгі күйреген шаруашылықты қалпына келтіруге үлесін қосты.
Қай кезде де, алдыңғы сапта болып, туған жерімізге бейбітшілікпендостықты, татулықты әкелген Сіздерге бүгінгі ұрпақтар атынан алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз!
Бүгін, 9 мамыр күні батырларымыздың рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды. Ерліктің мәңгілік даңқы тағы бір мәрте жаңғырғандай болды.