1 қыркүйек - "Білім күні"
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққан мерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген. Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - "Білім күні" мерекесінде мектебімізде салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жаңа оқу жылы басталар айтулы