29
январь
2020
Мен OFFLINE
Антон Макаренко атындағы орта мектебінде Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE" республикалық кең ауқымды балалар акциясы өтті. Аталған іс - шараның мақсаты -интернетке тəуелділіктің алдын алу, кəмелетке толмағандардың интернет -белсенділігін бақылауға қатысты интернет қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет пайдалану мəдениетін арттыру.
9-10 сынып білім алушыларының аралығында оқушылармен сынып сағаты өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға ғаламторды дұрыс пайдалану жолдары туралы түсінік берілді. 1-4 сынып білім алушылары арасында "Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім? " атты суреттер байқауы болып өтті. Байқаудың жеңімпазы 4 сынып білім алушысы Смайл Күннұрым 1 - орын, Жақсылық Жарқынай 2 - орын, Байзақ Нұрзат 3 - орынды иеленді. 5-8 сынып білім алушыларының арасында "Мен OFFLINE "тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы 6 сынып білім алушысы Сəрсенбек Нұрай 1 - орын, Жұматай Нұрай 2 - орын, 8 сынып білім алушысы Əмірхан Аружан 3 - орынды иеленді.