10-нұсқа » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2023

10-нұсқа

10-нұсқа

 «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қоршаған ортаға қамқорлық

          Айналамыздағы тамылжыған тылсым табиғатқа жанашырлықпен қарау, ортақ үйіміз - Жерді аялау баршамызға парыз. Осы қағиданы айқын түйсініп, қоршаған ортаның игілігін ойлайтын азаматтар да арамызда баршылық. Жамбылдық бал арасын өсіруші кәсіпкер, «Ара-тау» ара шаруашылығы кешені» ЖШС басшысы Валерий Ромащенко бұл кәсіппен отыз жылға таяу уақыт айналысып келеді. . «Біздің өндіріс Қордай ауданындағы «Қарақұндыз шатқалы заказнигінде орналасқан, - дейді ол. - Соның арқасында бал құрамының әлемде теңдесі жоқ. Қордай балы тәтті шырын ғана емес, таудың дәрілік шөптері шырынынан жасалған нағыз фармацевтік өнім». Мемлекеттік табиғи ботаникалық «Қарақұндыз шатқалы» заказнигі 1971 жылдан бері жұмыс істейді, ол 3,07 мың гектар алқапты алып жатыр, аудан орталығы - Қордай ауылынан 65 шақырым жерде орналасқан. Іле Алатауының батыс беткейіндегі бұл аумақта Қарақұндыз тау өзені ағып жатыр. Заказникте бес жүзден астам түрлі шөптер, бұталар мен ағаштар өседі, олардың арасында реликтік түрлері де бар. Қарақас, жабайы алма, алша, жүзім, шие, үйеңкі, грек жаңғағы, ақ акация және басқа да пайдалы өсімдіктер түрі мол. Таяу болашақта кәсіпкер экологиялық таза емдік бал өндіретін экоомарта салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ара шаруашылығының өнімдері пайдасын насихаттайтын апитуризм ауқымында «Бал ауылы» сауықтыру кешенін салмақ. «Мұндай туристер мен барлық тілек білдірушілер үшін экоомарта ауылдарын бүгінде Еуропаның көптеген елдерінен, Ресейден көруге болады. Қордай тауларында био-, эко- және білім беру және сауықтыру туризмін дамытуға болады. . Сонымен бірге Іле Алатауының шатқалдарында атпен серуендеп, қымызбен емдеу курсын алатын болады.     төртінші орында болатын және басқа елдерге 50 мың тонна бал экспорттап отырды. Қазірде елімізде небәрі 3-4 мың тонна бал өндіріледі. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан өзінің ресурстарымен жылына 5 млн. тоннаға дейін бал өндіре алады.                                                                                                             (254 сөз)


 
https://www.inform.kz/kz/sholu-kazakstandagy-ekologiya-zhane-korshagan-ortany-korgau-maseleleri_a2918180



Ә мәтіні: 

Өндірістік залалдар

           Өкінішке орай, елімізде қоршаған ортаны қорғау мәселесін назарынан тыс қалдырып, оған зардабын тигізіп отырған өнідіріс ошақтары да аз болмай отыр.Мәселен, Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 4 кәсіпорыннан 12 млн теңге өндіріп алынды. Бұл туралы өңір прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. «Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын талдау кезінде қадағалау органы «SatKomir» тау-кен компаниясы» АҚ, «Ақнар құс фабрикасы» ЖШС, «Сарыарқа әуежайы» АҚ және «К.Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС қоршаған ортаға белгіленген лимиттен жоғары көлемде ластаушы заттар тастағанын анықтады.  БҚО-да  тексеру барысында коммуналдық сарқынды суларды шығарумен айналысатын үш мекеменің кір суды жерге төгіп, қоршаған ортаны ластағандығын анықтады. Қадағалау актісі негізінде, мысалы, шикі газды қалыптан тыс жағып, экология заңдылығын бұзғаны үшін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг » компаниясы филиалынан сот тәртібімен 7,2 млрд. теңге өндірілді. Өндіріс, соның ішінде мұнай қалдықтарымен қоршаған ортаны ластау әрекеттеріне тосқауыл қоюға ерекше көңіл бөлінуде. Ауыл шаруашылығы жерлеріне мұнай қалдықтарын төгіп, қоршаған ортаға 150 млн. астам теңге залал келтіргені үшін «Грин Ақсай» ЖШС басшыларына айыптау үкімі шығарылды. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы филиалының 6 мердігерлік ұйымы қызметін тексерген кезде қауіпті химиялық заттарды заңсыз пайдалану, химиялық өнеркәсіп қалдықтарын жоюға заңсыз беру секілді деректер белгілі болды. Қадағалау актілері нәтижесінде аталған кәсіпорындарға 3 млн. теңге әкімшілік айыппұл салынды. Өндірістер зияны демекші, елімізде жыл сайын ауаның ластануынан 5,5 млн адам көз жұмады екен. Бұл туралы Американың Ғылымды ілгерілету жөніндегі қауымдастығының жиынында жарияланған есепте айтылды.Зауыт, көлік, электрстансалары және көмір жағудан бөлінген улы шаң-тозаң жүрек ауруына және өкпе обырына шалдықтырады.  Бұл зерттеу барысында анықталған.

(238 сөз)

https://www.inform.kz/kz/sholu-kazakstandagy-ekologiya-zhane-korshagan-ortany-korgau-maseleleri_a2918180 


Тапсырма

Эссе үшін тапсырма үлгісі

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге асыру табиғат ресурстарын сақтап қалуға қаншалықты ықпалы бар?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.

[20]
  


Похожие публикации:

09 март 2023 9-нұсқа
09 март 2023 7-нұсқа
09 март 2023 6-нұсқа
09 март 2023 ББЖМ 2
09 март 2023 ББЖМ 1