«100 кітап» жобасы жалғасын табады » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2020

«100 кітап» жобасы жалғасын табады

Әдебиет оқу арқылы оқушылардың рухани дүниесі баиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.
          Оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды  оқыту, сол туындылардың рухани  маңыздылығын жеткізу  мақсатында, Антон Макаренко орта мектебінде ұйымдастырылған мектепішілік  «Талаптың мініп тұлпарын, кітап оқы,  ұрпағым!» тақырыбындағы байқау, қарқынды жұмыс жасауда.
           «100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға мектептің бастауыш, орта, жоғары буын білімгерлері белсенді қатысуда. Мектеп білім алушыларының арасында байқаудың жүлдегерлерін анықтау мақсатында сарапшылар тобының кезекті отырысы болып өтті.
           Сарапшылар тобы отырыста оқырмандардың оқыған шығармасы желісінде дайындаған бейнероликтерін көріп, салған суреттерін бағалап,  өз сұрақтарына жауап алды.
    Байқауға қатысып жүрген білім алушылар тізімде берілген шығармаларды оқып, өз білімдерін белсене көрсетті. Атап айтқанда жоғары буын білім алушылары арасынан: Тұратай Аяулым 8 «Ә» сынып білім алушысы -7 шығарма, Әзімхан Меруерт 9 «Ә» сынып білім алушысы - 4 шығарма, Молдабаева Диана 8 «Ә» сынып білім алушысы - 3 шығарма, Тәжібаева Гүлсана 8 «Б» сынып білім алушысы - 3 шығарма, Райхан Мәрия  8 «Ә» сынып білім алушысы – 3 шығарма оқып, шығарманың идеялық мазмұнын, тақырыпты баяндап, сондай-ақ кейіпкерлердің характерін бейнелеп берді. Білім алушылар шығармаларды осындай бірнеше қырынан талқылап, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырды.
    Сондай-ақ, белсенділікті бастауыш сыныптарының білім алушылары да көрсетуде. Атап айтқанда: Жұмаділ Әбдінұр 3 «Ә» сынып білім алушысы – 28 шығарма, Айдын-Зибаш Асылжан 4 «А» сынып  білім алушысы – 11 шығарма, Смайыл Күннұрым 4 «Ә» сынып білім алушысы  – 16 шығарма, Қуаныш Аружан   4 «А» сынып білім алушысы – 10 шығарма, Сыбанбай Абдурахман 1 «Б» сынып  білім алушысы- 8 шығарма оқып, сарапшылардың сұрақтарына сүрінбей жауап берді.