Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы
Антон Макаренко мектебінің кітапханасында ұлтымыздың мақтанышы Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына орай «Әл-Фараби және оның мұралары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ғұлама-ғалым ретінде Әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген саласы жоқ деуге болады. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Ол философия,логика, математика, тіл білімі, әдебиет теориясы, т.б ғылым салалары бойынша қыруар көп еңбектер жазды.
Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте –бірте жоғалып қала берген. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді.
Кітап көрмесінде ғұламаның өмірі мен шығармалары туралы әдебиеттер,Әл-Фарабидің еңбектерінің тізімі, Қазақстанда шыққан басылымдары туралы деректер,, оның зерттеген ғылымдар саласының тізімі, оның әлем ғылымына қосқан үлесі туралы көптеген материалдар жинақталған. Кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасап, оқушылар мен ұстаздарды дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын Әль-Фарабидің еңбектерінің қысқаша мазмұндарымен таныстырып өтті.
<!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}