
Антон Макаренко атындағы орта мектебінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнін мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНА сәйкес «Үлгі болар отбасы – қазағымның айнасы» тақырыбында спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды. Аналар арасында өткен қол күресте І орынды 5 "Г" сыныбының білім алушысы Құсайын Қарақаттың анасы Раби Мақпал иеленсе, ІІ орынды 4 сыныптың оқушысы Болатбекқызы Латифаның анасы Ибрашева Айгүл, ІІІ орынды 9 сынып білім алушысы Абзалбек Дайырханның анасы Нарынбаева Жазира иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!