
Антон Макаренко атындағы орта мектебінде 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнін мерекелеуді дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫНА сәйкес «Отбасым- бақыт мекені» тақырыбында мерекелік іс- шара өткізілді. Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе екені туралы сахналық қойылымдар көрсетілсе, әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға паш етті. Ата- аналар алған әсерлерімен бөлісіп, мектеп ұжымына дән риза екендіктерін айтты