15 мамыр- Халықаралық отбасы күні » Антон Макаренко атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Антон Макаренко атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726-33) 3-20-34
Есепші бөлімі:
+7(726-33) 3-20-34
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 15 мамыр- Халықаралық отбасы күні
13
май
2023

15 мамыр- Халықаралық отбасы күні

15 – мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай Антон Макаренко атындағы орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп - табысты мектеп» тақырыбында 
ата-аналарға  арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. 
Мақсаты: ата-аналарды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, ата-аналарды кітапхананың жұмысымен таныстырып, жаңа ақпараттық мүмкіндіктер жайлы мәлімет беру, отбасылық құндылықтар мен отбасы беделін көтеру.
«Адамды адам еткен-кітап, адамзат еткен - кітапхана»,- деп Әбіш Кекілбаев ағамыз айтпақшы, кітап - жансарайыңды байытар жалғыз қазына.
 Сол қазынаның рухани мекені -кітапхана. Осыған орай  кітапханаға және кітап оқуға біздің мектепте ерекше көңіл бөлінеді. Мектебімізде Мемлекет  басшысының  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынған. Осыған орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып,  іс-шараға оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер жұмылдырылған. Мысалы, ата-аналармен "Отбасымен бірге кітап оқу" челленджі, «Менің үйімдегі кітапхана» таныстырылымы, Отбасымен бірге кітап оқу клубы. 
  Ата-аналар кездесу барысында кітапхана ісіне арналған холлда орналасқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған жобалар туралы ақпараттармен танысты. Атап айтқанда «GOWORKING» орталығының жұмысы, «Буккросинг», «READx», «TEDx» жобалары, «Талаптың мініп тұлпарын кітап оқы ұрпағым» атты мектепішілік байқау және т.б.
 Қазіргі таңда мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуына қолайлы жағдай жасалған:
 Кітапхана  кітап қорын насихаттау мақсатында кітап көрмелерімен безендіріліп, қажетті компьютерлік жабдықтармен жабдықталған.  Кітапханамыз коворкинг орталығы, яғни демалыс орталығы ретінде өз жұмысын ұйымдастыруда. Бұл жерде оқушылар бос уақытында кітап оқып,  жазу жазып, оқу бағдарламасына байланысты, көптеген ақпаратты арнайы жабдықталған электронды оқу бұрышынан интернет желісі арқылы ала алады. 
  Көпшілік іс-шараларды өткізу барысында оқушылар тақырыпқа байланысты қызықты деректі фильмдерді проектор арқылы тамашалады.