
Мектеп бітіруші түлектермен форум өткізу қазіргі кезде ауданның барлық мектептерінде жүзеге асуда. Осыған орай, Антон Макаренко атындағы орта мектебінде "Жомарт түлек" жобасы аясында түлектермен форум өткізілді. Форум қонақтары Едилбаев Адилхан Райханович-«Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктесте аумақ бастығы , Аманбеков Сейіт-«Казахавтодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген түлектер табысты өмір жолдарын жас ұрпаққа үлгі етіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті