15
март
2019
«Жұлдызай» фестивалі
Наурыздың 14-і күні Антон Макаренко атындағы орта мектебінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, талантын ашу, жүректеріне сенім ұялату, тұлғалық дамуына үлес қосып, өмірден өз орындарын табуына ықпал ету мақсатында ХІҮ Халықаралық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі болып өтті. Фестиваль «Вокал», «Хореография», «Аспапта ойнау», «Ым-ишаратпен ән айту» номинациясы бойынша өнер көрсетті.
Фестивальге 10 оқушы сұраныс беріп, аудан мектептерінің ішінен Ә.Әйтиев атындағы орта мектебінің оқушысы Низамова Лейла, №1 орта мектебінен Кеңесбай Ерғазы, Өтеп Сымбат, Б.Момышұлы мектебінен Абзалқызы Дана, Б.Кейкиев атындағы орта мектебінен Жүсіп Сағадин, Шайқорық орта мектебінен Қанатқызы Аружан, Б.Бесбаев орта мектебінен Нұрлан Нұрасыл, Амангелді орта мектебінен Расыл Нұржас, А.Макаренко атындағы орта мектебінен Орынбек Альбина, Убатов Хасан жоғарыда аталған номинациялар бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

«Вокал» номинациясы бойынша №1 орта мекетбінің оқушысы Кеңес Ерғазы мен Өтеп Сымбат, «Хореография» номинациясы бойынша Абзалқызы Дана жеңімпаз атанып, облысқа жолдама алды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.