03
апрель
2020
Қамқоршылық кеңес жұмысын жалғастыруда
Антон Макаренко орта мектебінде 2019 жылдың қамқоршылық кеңес бойынша атқарған жұмыстарының есебі Антон Макаренко атындағы ортьа мектебінде 2019-2020 оқу жылында қамқоршылық кеңестің бұрынғы құрамынан үш мүшесі өз еріктерімен кеңестен бас тартып, Ф.Жұмашева, А.Сабденбаева, Қ.Заурбеков жұмыс жағдайына және отбасы жағдайына байланысты бас тартып төмендегі тұлғаларды Т.Тастанбеков, А.Ерубаев, У.Иманалиев қамқоршылық кеңесі мүшелері етіп тағайындалды. Қамқоршылық кеңесте мүше болатын; әкімдік және құқық қорғау органдары, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, коммерциялық емес ұйымдар, ата-аналар, демеушілер өкілдерінің қатарынан оның құрамын бекіту арқылы қамқоршылық кеңесін құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ болып, бір-біріне ешқандай туыстық қарым-қатынасы жоқ тоғыз адамнан тұруы тиіс –деді өз сөзінде Антон Макаренко атындағы орта мектебінінң директоры М. О. Туребекова Жамбыл АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны А.Б.Айдарбековтің атқарған жұмыстарына тоқталды . Инспектордың жұмысына толық тоқталып, азаматтық құқықтың жауапкершілік баптарымен атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бір шама жұмыстар атқарылғанын айтты. Аптасына екі рет мектептің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кешкі мезгілде көшеде 23-00 ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүрмеуіне байланысты кешкі рейдтер жүргізілгенін айтты. Сонымен қатар есепке алынған жайсыз үш отбасының үйіне мектеп әкімшілігімен бірге рейд жұмыстары жүргізіліп, актілері толтырылды. Антон Макаренко атындағы орта мектебінің мұғалімдерімен бірге атқарылған рейдтер профилактикалық жиналыстардың өткізгенін айтты. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Маханова берілген есепке қанағаттанарлық баға берді




