Абай тірі болғанда...
Еске алып күнде сағына іздер, Әр сөзінде мың мағына жүзген, Дәл қазір Абай тірі боп тұрса, Таяқ жер еді тағы да бізден! «Басқа да шауып, төске өрлегені» үшін, «Қара бір сөзге дес бермегені» үшін, «Тозығы бар деп дәстүріміздің де!» Әруақтардан сескенбегені үшін. Ислам дінін қастерлегені үшін, Шамани салтты ескермегені үшін, Тәңірлік дінді хош көрмегені үшін, Қырауар малды кедейге таратып. Құнанбай атаға ас бермегені үшін, Ешқашан оны аямас едік. Тоқпақтасақ та тоямас едік. Тоямаған соң қоямас