" Аты аңызға айналған батыр" атты әдеби подиум
Ұлы Отан Соғысында елі үшін қан кешіп, жаумен арпалысқан партизан Қасым Қайсенов Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы, партизан, полковник қана емес, елі сүйген мәңгі өлмес тұлға. Антон Макаренко атындағы орта мектебінің кітапханасында Қасым Қайсеновтың туған күніне орай " Аты аңызға айналған батыр" атты әдеби подиум өтті.