25
ноябрь
2022
"Жат діни ағымдағы қазақ қыздарының тағдыры"
Антон Макаренко атындағы орта мектебінде "Қыз Жібек" қыздар клубының жылдық жоспарына сәйкес "Жат діни ағымдағы қазақ қыздарының тағдыры" тақырыбында пікірталас өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Динара Абдикаримова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі М. Қошмағанбетова жат діни ағымдары туралы , дәстүрлі діндердің құндылықтары мен қасиетін түсіндіру және діни сенімдерді насихаттау, теріс пиғылды діни ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу, жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын оқушылар санасына ұғындыруда өз ойларын ортаға салды. ДТІЖО Н. Байымбет, ДҚІЖО М. Мусаев, клуб жетекшісі Ж. Бисенова
